420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде мультимодальды «Еуразиялық трансқұрлықтық дәлізін» құру жобасы басталды

  • 1386
  • UPD: 14:08, 06.01.2016

Ол жүктердің Азиядан Еуропаға кедергісіз транзитін қамтамасыз етеді.

Жүк жеткізу құны 2 есеге төмендемек. Бұл мәселе де Елбасының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында көрініс тапқан. Мемлекет басшысы елге қосымша жүк ағындарын тарту көліктің барлық түрлерімен транзиттік тасымалды 2020 жылы қазіргі 18 миллион тоннадан 33 миллион тоннаға дейін және 2030 жылы 50 миллион тоннаға дейін ұлғайтады деп саралаған. Контейнерлік тасымалдарды мемлекеттік реттеуден босату таяудағы 5 жылда олардың көлемін 500 мың тоннаға дейін ұлғайтуға жағдай жасайды. Ал «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық маңыздағы 7 мың шақырымнан астам автомобиль жолдары қайта жаңғыртылатын болады. Оларда ақы алу жүйесін енгізу жоспарланған. Нәтижесінде 2022 жылға қарай жол жүруден түскен алымдар шамамен 41 млрд теңгені құрайды. «Бұл қаражат республикалық маңыздағы автожолдардың бүкіл жүйесін ұстауға жағдай жасайды», - деген еді Президент.

Хабар 24 телеарнасы