Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2018 жылдан бастап мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету жүйесі енгізіледі

  • 1654
  • UPD: 23:20, 04.02.2020

Тұрғындардың денсаулығын сақтау саласындағы басты міндет міндетті медициналық сақтандыруды енгізу.

«Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында Елбасы бұл мәселеге де ерекше көңіл бөлді. Президент медициналық қызметтің сапасы бойынша бірлескен комиссия құрылатынын айта келе, денсаулық сақтау мекемелерінде басқарудың корпоративтік моделін енгізу қарастырылғанын жеткізді. Сондай-ақ мұқтаж азаматтарға да әлеуметтік көмек көрсету жүйесін оңтайландыру жоспарланып отыр. Мұндай көмек табыстары отбасының әр мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50% төмен отбасыларына көрсетілетін болады, -деді Елбасы. Ал осындай көмек көрсетілген тұрғындармен жұмыспен қамтуға ықпал ету және әлеуметтік бейімделу бағдарламаларына міндетті түрде қатысатыны туралы әлеуметтік келісім шарт бекітіледі. Бұл жүйе 2018 жылдан бастап енгізіледі.

Хабар 24 телеарнасы