420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2017 жылы Қазақстанда 1,7 миллион адам декларация тапсырады

  • 1728
  • UPD: 15:28, 06.01.2016

Табыс пен мүлікті жалпыға ортақ декларациялауға кезең-кезеңімен көшу қарастырылады.

«Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында Елбасы осы міндетті айқындап берді. 2017 жылы декларациялау шарасына мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, ұлттық компаниялардың қызметкерлері яғни шамамен 1,7 миллион адам ұсынылатынын жеткізді. Ал 2020 жылдан бастап барлық жеке тұлғалар жалпыға ортақ декларацияға қатысады. Сондай-ақ, келер жылдан бастап салықтық кірістер мен шығыстардың есебі міндетті түрде енгізілетін болады. Бұл көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді, деді Президент.

2017 жылы декларацияларды мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, ұлттық компаниялардың қызметкерлері – бұл шамамен 1,7 млн адам ұсынатын болады. 2020 жылдан бастап жалпыға ортақ декларациялаумен барлық жеке тұлғалар қамтылады. Қолданыстағы салықтық режімдерді оңтайландыру жоспарланып отыр, онда 2017 жылдан салықтық кірістер мен шығыстардың есебі міндетті түрде енгізілетін болады. Бұл көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы