419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы: Компаниялардың банкроттығынан кәсіпорындар тоқтап қалмау керек

  • 1754
  • UPD: 17:30, 06.01.2016
Елбасы: Компаниялардың банкроттығынан кәсіпорындар тоқтап қалмау керек

Компаниялар тоқырауға ұшырауы салдарынан жұмысшылар қысқартылып, кәсіпорындардың тоқтап қалмауы тиіс.

«Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында Мемлекет басшысы осы мәселеге айрықша тоқталып өтті. Елбасы мұның алдын алып, өндірістің өміршеңдігі мен жұмыс орындарын сақтау үшін төлеуге қабілетсіздікті сотқа дейінгі тәртіпте реттеудің жаңа тетігі жасалғанын жеткізді. Ол борышкер кәсіпорынды қаржылық сауықтыру мақсатында қайта құрылымдау мәселелерін борышкер мен кредитордың бірлесіп шешуіне мүмкіндік береді. Сәйкесінше, инвесторлар өздерінің шығындарын азайтып, қалпына келтіре алады, - деді Президент.

Хабар 24 телеарнасы