Бүгінде қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда «Ұлттық чемпиондар» бағдарламасы – маңызды шара.
Оған импортты алмастыруға бағытталған өндірістік компаниялар қатысады. Бұл мәселе де Елбасының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында көрініс тапты. Президент ұлттық чемпион атанған 32 компания 2019-2020 жылдарға қарай ішкі тікелей инвестицияларды шамамен 750 миллион долларға өсіруді қамтамасыз ететіндігіне тоқталып өтті. Сондай-ақ, шамамен 15 мың жұмыс орны құрылып, еңбек өнімділігі 30-50%-ға артып қана қомай, шикізаттық емес экспорт көлемінің өсімі 260 миллион долларға дейін жетеді,- деді Президент.
