420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлт жоспарының бір тетігі – соттың әділ төрелігі

  • 1545
  • UPD: 18:08, 06.01.2016

Ұлт жоспарының бір тетігі – сот процестерінің ашық өтуі әрі судьялардың міндетті есеп беруі.

Елбасы атап өткен 100 нақты қадамды жүзеге асыруға бағытталған 5 реформаның екіншісі заңның рөлін аттыру еді. Астана қалалық соты өкілдерінің айтуынша, сот процестерінің ашық өтуіне бұдан былай аудио және видеотіркегіштер септігін тигізеді. Таспаны тоқтату немесе оны өзгертуге ешкімнің құқы жоқ. Сонымен қатар судьялардың өзіне де талап күшейген. Енді тура бидің төрелігіне көңілі толмаған халық Жоғарғы сот жанынан құрылған Судялар алқасына шағымдана алады.

Қанат Тобағалиұлы, Астана қаласы Есіл ауданы №2 аудан аралық сотының судьясы:

- Судьялық қазы этикалық нормалардың бұзылып-бұзылмауын, судьяның өзін ұстауы сияқты дүниелерді қарайды. Бұл жерде адам құқықтарының бұзылмауы үшін сот қазысы құрылған.

Хабар 24 телеарнасы