Елордада мәдениет қызметкерлері марапатталды

Мәдениет және өнер қызметкерлері күнінде осы салаға еңбек сіңірген өнерпаздар марапатталды.

Олар «Құрмет» орденін, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері және «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды. Сондай-ақ «Мәдениет саласының үздігі», «Құрмет грамотасы», «Еңбек ардагері» төсбелгісін иеленді. Айта кету керек, елімізде 8 мыңға жуық мәдениет ошағы бар болса, мұнда 64 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді.