«Славян базары» байқауының жеңімпазы бірнеше музыкалық аспапта ойнайды

«Славян базары» халықаралық балалар байқауының жүлдегері Сағын Өмірбайұлы бірнеше музыкалық аспапта ойнауды меңгерген, деп хабарлайды 24kz.

Жасөспірім домбыра, гитара мен укулелені емін-еркін тартады. Қазір фортепианоны үйреніп жатыр. Ол биыл 9-сыныпты тәмамдап, музыкалық колледжде кәсіби білім алуды жоспарлап отыр.

«Келешекте тағы да әлемдік беделді байқауларда ел абыройын қорғап, биік белестерді бағындырғым келеді», - дейді ол.

Сағын Өмірбайұлы халықаралық ән байқауының жүлдегері:

- Фортепианоны жетік меңгергім келеді толықтай. Оқып жатырмын эстраданы, эстарада вокалын. Ал негізі менің постановкам – академиялық вокал. Екеуінде де ала жүріп, Құдай қаласа, Димаш ағам секілді кроссовер әншісі болып жүргім келеді.

Гаухар Ордабекова, Сағынның анасы:

- Дәстүрлі әнді де, домбыраны да өзі бәрін ютубтан қарап, тарта беоеді. Голосовой покой керек деп айтты Сағынға қазір. Сол голосовой покойды сақтап жүр, бірақ ән айтып қоя береді.