Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрылғанына 80 жыл толды

Биыл Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрылғанына 80 жыл толды.

Осы мерейтойға орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев музыкалық оқу орнының ұжымына құттықтау хатын жолдады.  Консерватория мерейтойға арналған марафонды Республика сарайында гала-концертпен түйіндеді. Кеште Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оқу орнының бұдан былайғы жұмысына табыс тілеп, бірқатар қызметкеріне «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін табыстады. Қазақ музыка өнерінің қара шаңырағы 80 жыл ішінде талай таланттарды даярлап шығарды. Консерваторияның негізі 1944 жылы қаланған. 1998 жылға дейін елдегі жалғыз музыкалық жоғары оқу орны болды. Қазір музыка саласының мамандарын даярлайтын жетекші білім ордасы саналады. Елді әлемге танытқан талай өнер саңлақтары Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішев, Юрий Клушкин, Алан Бөрібаев, Байғали Серкебаев, Медет Шотабаев сияқты  өнер жұлдыздары осы қара шаңырақтан түлеп ұшқан. Гала концертте шығармашылық ұжым оркестр, ансамбль, хор және солистер болып, бір сахнада өнер көрсетті.

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

- Консерватория – дарынды жастарға классикалық музыканың қыр-сырын үйретіп, кәсіби музыканттар даярлайтын алғашқы жоғары оқу орыны. Өркениетіміздің өрісін кеңейтіп, оны жер жүзіне танытқан көптеген майталман мамандарымыз осы қара шаңырақтан қанат қақты. Аға буын салған сара жолды кейінгі ұрпақ лайықты жалғастырып келеді. Олар еліміздің шығармашылық ұйымдарында табысты еңбек етіп жүр. Осы орайда, ұлттық өнерімізді жан-жақты дәріптеп, руханиятымызды дамытуға зор үлес қосқаны үшін консерватория ұжымына шынайы ризашылығымды білдіремін. Баршаңызға шығармашылық шабыт тілеймін! Жұмыстарыңыз жемісті болсын!». Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айгүл Үлкенбаева, Қазақстанның халық артисі:

- Мен консерваторияны 86 жылы бітіргем. Біз оқып жүрген кезде 40 жылдықты тойлағанбыз. Ол кезде ректорымыз Ғазиза Ахметқызы Жұбанова. Бізді Москваға алып барған. Мәскеудің Чайковский атындағы үлкен конс үлкен залында концерт бергеміз. Енді міне 80 жылдыққа да келіп жеттік қуаныштымыз өте.