Алматыда Жазушылар одағының 90 жылдығына орай салтанатты жиын өтеді
Биыл Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 90 жыл толып отыр, деп хабарлайды 24kz.
Айтулы мерейтойға орай, Алматыда салтанатты жиын өтеді.
Оған Қазақстанның және шет елдердің белгілі жазушылары мен мәдениет қайраткерлері қатысады.
Алмас Садуақас, тілші:
- Мерейтой қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуында маңызы бар оқиға болмақ. Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдық тарихы кеңінен сарапталып, еліміздің әдебиет саласындағы елеулі жетістіктері мен болашақтағы бағыттары талқыланады.Сондай-ақ әдебиетке үлес қосқан қаламгерлерге «Алаш» әдеби сыйлығын, «Қазақстанның құрметті жазушысы» төсбелгілері тапсырылады.
Балалар әдебиетінің қазіргі жай-күйі, жазушыларға қаламақы төлеу, олардың кітаптатырын шығару ісі де сөз болады. Мерейтой қазақ әдебиетінің әлемдік деңгейде танылуына және халықаралық әдеби байланыстардың нығаюына ықпал етеді.
Сонымен бірге Қытай, Әзербайжан, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Швеция, Татарстан, Башқұртстан, Якутия елдерінен ақын жазушылар келеді. Іс-шара сағат 10:00-де басталады.