Қарағандыда қазақ киносының онкүндігі басталды

Қарағандыда қазақ киносының он күндігі басталды.

Алғашқы көрсетілім «Қажымұқан» фильмімен ашылды.  

Ұлттық киноны қолдау орталығы ұйымдастырған шараның мақсаты – көрермендерді отандық киногерлердің жетістігімен таныстыру. Үздік туындаларды шалғай ауылдың тұрғындары да тамашалай алады. Бұған дейін кино орталығының қолдауымен 117 картинаның өндірісі аяқталды. Оның 72-сі – көркем, 37-сі – деректі, қалғаны – анимациялық фильмдер. Прокатқа шыққан туындылар да артып келеді.

Әділет Омаров, «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Бүл жаққа 13 фильмді әкеліп отырмыз. Көркем, деректі және анимациялық фильмдер. Бұл тек Қарағанды қаласымен шектелмейді. Қарағанды облысының  барлық ауыл-аймақтарына, өңірлерде, аудан орталықтарында фильмдеріміз көрсетілетін болады. Балаларымыздан бастап қарттарымызға дейінгі көрерменімізді  қамтитын іс-шара болмақ.