Ақтөбедегі музейде ЖИ көмегімен Әлия Молдағұлованың образы «тірілді»

Ақтөбеде жасанды интеллект көмегімен Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың образына «жан бітірді», деп хабарлайды 24kz

Галограммада қазақтың аяулы қызы майданнан жақындарына хат жазып жатқан сәті көрсетіледі. Әлия Молдағұлованың атындағы музей оның туғанына 100 жыл толу құрметіне барлық экспозицияны цифрлық технологияға көшірді. Диорамада Әлияның туғаны ауылы Бұлақтағы үйінде, Ленинград қоршауында және соңғы шайқасы дыбыс пен бейне пішінде берілген. Ал кіреберісте экскурсия жетекшісінің орнына жасанды промоутер қарсы алады. Ол ақпаратты бес тілде жеткізеді. Музейде 11 мыңнан астам экспонат қойылған.

Әлия Ақниязова, Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалдық музейінің бөлім басшысы:

- Тағы бір жаңалық – ол галограмма енгізілген. Сол галограммада IT технологиялардың көмегімен жаңа интеллект бойынша жасалған Әлия Молдағұлованың жазған хаттары. Негізінде Әлия Молдағұлова хаттарының барлығын орыс тілінде жазған. Бірақ өз тілін ешқашан ұмытпаған. Және әр хатта өзінің қазақ тілін білгенін Абайдың төрт жол шумақтарымен жазып отырған екен.