Қ.Тоқаев Қазақ ұлттық өнер университетінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты

фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде жүргізіліп жатқан қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Жаңғырту жұмыстарынан кейін бас ғимараттың көлемі 10 мың шаршы метрге ұлғайып, 38 мың шаршы метрге жуықтаған. Соның нәтижесінде жаңа арнаулы аудиториялар ашуға мүмкіндік туыпты. Оған қоса, ауқымды іс-шаралар өткізетін 1100 орындық үлкен концерт залы пайдалануға берілмек. Бұдан бөлек, оқу корпусында академиялық музыкаға арналған камералық зал, дайындық студиялары, студенттер мен өзге де суретшілердің туындылары қойылатын көрме галереялары бар.