Атырауда Ілия Жақановтың өмір жолына арналған қойылым сахналанды
Атырауда белгілі композитор, жазушы, музыкатанушы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Ілия Жақановтың өмір жолына арналған спектакль көпшілік назарына ұсынылды, деп хабарлайды 24KZ.
Қазақ әдебиеті мен музыка өнеріне қанатын қатар сермеп, ұлттық руханият көгінде қырандай самғаған ұлы тұлғаның ғибратты ғұмырын Атырау жастар театрының әртістері сахналады. «Еділ мен Жайық» деп аталатын қойылымда бала Ілиядан дана Ілияға айналған өнер қайраткерінің өмір жолы оның әндері арқылы шебер көрсетілген. Жастардың талпынысы мен талантына бас кейіпкердің өзі де оң баға берді.
Ілия Жақанов, Қазақстанның Еңбек Ері:
- Әр әннің табиғатын ашқан кешегі өміріміздің бәрін сондай еске түсіретін, сондай бір адамды ерекше толқытатын спектакль болып жатыр. Бұған енді үлкен кісілер де көп келді. Келіп жатыр. Ал енді жастарға бұл ерекше эстетикалық талғамның қандай болуы керектігін, адамды қайғы-қасіреттен, ауыр күйзелістен құтақартын не нәрсе? Ол музыка, – деген академик Қаныш Сәтпаев.