Ұлттық ұлан дирижерлерінің туындылары әскери шеруде орындалады
Ұлттық ұланның төл туындылары әскери шеруде орындалады.
Іс-шара 7 мамырда Астанада өтеді. Оған 4 мыңнан астам әскери қызметкер қатыспақ. Оның ішінде 300-ден астамы - музыкант. Шеруге дайындық барысында музыкалық шығармалар іріктелді. Таңдаулы туындылар қатарына Ұлттық ұланның дирижерлері жазған 4 шығарма еніп отыр. Бұл әндер жауынгерлердің бойындағы рухты оятады және жігерлендіреді, дейді әскери-оркестр орталығының өкілдері.
Олжас Құдайқұлов, ҚР Ұлттық ұлан әскери оркестр орталығының басшысы:
- Атап айтатын болсақ, "Генерал Жексенбаев" шығармасы, "Шаттық" шығармасы, "Қыран" шығармасы және Ұлттық ұланның әнұраны "Елдің қорғаны". Шеруге Ұлттық ұланнан 30 әскери музыкант қатысатын болады. Оның ішінде 3-еуі - дирижер және 28-і - орындаушы музыкант.