Наурызнама: Шаңырақ күні отбасылық құндылықтарды дәріптеуге шақырады
Бүгін Шаңырақ күні.
Наурызнама жалпыұлттық онкүндігінің бір күні отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арналады. Шаңырақ күні – жекелеген үйелменнің ғана емес, тұтас ұлтты біріктіру мерекесі. Бұл күн ұрпақ тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыруға деген ниетті бейнелейді. Мерекелік іс-шараларда патриотизмге, адамгершілікке және еңбекқорлыққа баса назар аударылады. Үлгілі отбасылар дәріптеліп, сый-сияпат жасалады.