Астана әуежайында әскери оркестр өнер көрсетті
Мереке қарсаңында елорда әуежайында әскери оркестр өнер көрсетті, деп хабарлайды 24KZ. Қазақстан Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрі ұжымы халықтық, классикалық әуендерді, танымал хиттер мен әскери марштарды орындады.
Ұлы Абайдың «Көзімнің қарасы» шығармасы мен «Дос-Мұқасан» ансамблінің әндері көпшілікті таң қалдырды. Әсіресе елге келген шетелдіктер де өз таңданыстарын айтып, пікір білдірді.
Робин Пирс, АҚШ азаматы:
- Осыған дейін бұл мереке туралы естідім. Енді оны Қазақстанда қарсы алу бұйырыпты. Барлығы өте керемет. Адамдар сондай көңілді. Аспаптардың үні ерекше әсер қалдырады.