«Жас сарбаз» ұжымы халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алды

«Жас сарбаз» шығармашылық ұжымы «I Love Tu danse» халықаралық байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды 24KZ. Ташкентте өнер көрсеткен кішкентай бишілер бас жүлде мен 7-13 жас аралығындағы «Үздік халық биі» номинациясында бірінші орынды иеленді. Халықаралық байқауға жалпы 36 шығармашылық ұжым қатысты.

«Жас сарбаз» балалар шығармашылық студиясы 2022 жылы Қорғаныс министрінің бастамасымен құрылған. Қазір мұнда 200-ге жуық бала хореография, актерлік шеберлік, вокал және домбыра үйірмелеріне қатысады.