Елордада республикалық суретшілер байқауы өтті
Елордада Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі» атты республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды 24KZ. Қылқалам шеберлерінің додасына өңірлерден келген 137 кәсіби суретші қатысты. Олар қазақтың мәдени құндылықтарын бейнелеп, өз еңбектерін пейзаж, натюрморт және сюжетті картина жанрларында ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына ерекше көркемдік көзқарас берген үздік жұмыстар таңдалды. Гран-при «Өмір есігі» картинасын ұсынған алматылық Оралбек Қабөкеге бұйырды. Тағы Қами Айтқалиев, Үміт Жұбанышева және Әсет Жақыпбек үздік үштікке кірді.
Оралбек Қабөке, «Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі» республикалық байқауының гран-при иегері:
- «Өмір есігі» деп аталуына сай бұл жердегі композициялық құрылымы, есіктің арканың формасында құралған және де осы «золотое сечение» дейміз ғой, алтын белгіде осы өмірге келіп жатқан жас сәбиді бесікке бөлеу сәті бейнеленген шығармада.