Елордада жеңістің 80 жылдығына арналған кітап көрмесі ашылды
Жеңістің 80 жылдығына орай кітап-иллюстрациялық көрме ашылды.
Онда майдан газеттері, әскери үгіт плакаттары, қазақстандық жазушы-майдангерлердің еңбектері сияқты сирек архив материалдары ұсынылған. Келушілер алғаш рет соғыс жылдарының атмосферасы мен шежіресін сақтаған бірегей артефактілерді тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Көрме – Жеңіс мерейтойына арналған іс-шаралар циклының бір бөлігі болып саналады.
Әділ Қойтанов, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры:
- Бұл құнды материалдар басқа жерде жоқ. Ол себебі архивтегі 40-жылы шыққан сап-сары парақтағы газеттер ғана. Ашсаң, шашылып қалайын деп тұр. Соны арнайы әкеліп таныстырып жатырмыз. Ол қазір цифровизация жасап жатыр, таныстырылып жатыр. Тарихпен айналысатын адамдарға өте керемет материалдар бар бұл жерде.