Елордада «Жан DoStar» республикалық өнер фестивалі өтіп жатыр

Елордада «Жан DoStar» республикалық өнер фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Байқауда елдің түкпір-түкпірінен келген жас таланттар бақ сынап жатыр.

Өнер додасы биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналып «Бір аспанның астында» тақырыбында ұйымастырылды. Фестиваль этностар арасындағы достық пен келісімді нығайтуға және олардың шығармашылық бастамаларын қолдауға бағытталған. Шара соңында қатысушылар мен көркемдік жетекшілерге ақшалай сыйлықтар табысталады.

Надежда Палинка, «Жан DoStar» республикалық өнер фестивалінің ұйымдастырушысы:

- Біз түрлі бағытта сайыстар ұйымдастырамыз. Алайда бұл шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орайластырылған. Балалар әдеби шығармаларды, қазақша туындыларды, өзге этностардың тілінде орындайды. Одан бөлек, ән айтып, би билейді. Әр өңірден дарынды жастарды тартуға тырыстық, бұл, әрине, қуантарлық жайт.