Қарағандыда Қуаныш Сұлтановтың қос кітабының таныстырылымы өтті
Қарағандыда Мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтановтың саяси бағыттағы қос кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды 24kz.
«Қазақтың Қонаевы» атты бірінші кітабы Дінмұхамед Қонаевтың қайраткерлік жолы жайлы. Мұнда автор өзі куә болған кейбір оқиғалар, сәттер, одақтық үстемдік жағдайындағы әділетсіздіктер баяндалған. Ал екінші «Отыз жылдың ой-толғауы» кітабында тәуелсіздік алғаннан кейінгі мемлекетіміздің саяси-экономикалық ахуалы, даму жолы, тарихи маңызды оқиғалар қамтылған. Қуаныш Сұлтанов біраз жыл Қарағанды өңірінде қызмет етіп, саяси тұлға ретінде қалыптасты. Оған қатысты өмірлік деректер де қос кітапта жазылған.
Қуаныш Сұлтанов, Мемлекет және қоғам қайраткері:
- Қарағанды өңірі жүрегіме ерекше ыстық өңір. Өте бір қиын кезеңде, қилы кезеңде осында жұмыс жасадым. Қарағандыға келу де, жастармен кездесу де маған жақсы әсер қалдырады. Қарағанды деген ерекше тарау да бар. Екінші кітабымда да Қарағандымен байланысты мәселелер бар.