2024 жылы ҚХА этнобірлестіктерінің қатысуымен 15 мың шара өтті

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Бүгінде елімізде 120-дан астам этнос өкілі тату-тәтті өмір сүреді. Республикада 35 Достық үйі бар. Олар мыңнан астам этномәдени бірлестікті бір шаңырақ астына біріктіріп отыр. Былтыр бұл орталықтарда 2 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылған. Ал жалпы Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің қатысуымен 15 мыңнан астам шара өткен.

Сондай-ақ қоғамдық институт жұмысының басым бағытының бірі – этномедиацияны дамыту. Өткен жылы арнайы дайындықтан 200-ден астам кәсіби этномедиатор өтті. 30-ға жуық семинар ұйымдастырылып, 2 мыңдай азамат білім алды.