Астанада Ассамблея үздіктері марапатталды

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» атты шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалі өтті, деп хабарлайды 24KZ. Шараға Мәдениет және ақпарат вице-министрі, Парламент депуттары, Ассамблея басшылары мен этномәдени бірлестік өкілдері қатысты.

Ассамблея мерейтойына орай ұйымдастырылған фестивальде еліміздің әр өңірінен мыңнан астам шығармашылық ұжым өкілдері екі ай бойы «Халық биі», «Халық әндері» және «Халық аспаптары» аталымдары бойынша сынға түскен. Үздік деп танылғандары гала-концертке шақырылып, Ассамблея марапатына ие болды.

Құралай Түспекова, ҚХА шығармашылық ұжымдары қауымдастығының төрағасы:

- Екі жас санаты бойынша 10-18, 18-ден жоғары жастағы шығармашылық ұжымдар және жеке орындаушылар қатысып, өз өнерін бізге ұсынды. Солардан біздің бүгінгі фестивалімізге 1, 2, 3-ші орын алған жеңімпаздарымыз келіп отыр. Негізі бұл бірінші фестиваль. Біздің қауымдастымығыз былтыр қазан айында Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген кеңесінде бекітілген.