Ақтөбеде жаз бойы кітап күні өтеді

Ақтөбеде жаз бойы кітап күні өтеді, деп хабарлайды 24KZ. Сенбі сайын орталық саябақтарда көшпелі кітапханалар жұмыс істейді.

Ауқымды шара «Кітап – даналық кілті» атты фестивальден басталды. Оның мақсаты – кітап оқуды насихаттап, жастардың рухани мәдениетін арттыру. Оқырмандарға түрлі шығармашылық алаңдар ұсынылды. Кітап көрмелері мен буккроссингтен ойындар өткізілді. Ал библиокафеде халық жазушылары мен ақындардың туындыларын электронды құрылғыға жүктеп оқуға болады.

Гүлнәр Сәлиева, қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры:

- Кітапті қолға алып, одан алған ләззат электронды кітапқа жетпейді. Кітаптың иісін сезіп, таза ауада өзіңін ыңғайлы жағында отырып оқыған ол басқа. Екеуінікі екі бөлек. Тек бір кітапхананың өзіндегі оқырман саны бес мыңнан астып кетті. Ал енді оқырман залында отырғандар одан да көп.