Талдықорғанда соғыс ардагерлері туралы кітапшалар шығарыла бастады
Талдықорғанда соғыс ардагерлері туралы кітапшалар шығарыла бастады. Алғашқысы Жетісу өңірінде туып-өскен Ысқақ Әбілпейісұлына арналды.
Шағын оқулықта қарт майдангердің ғұмырнамасы жазылып, жасаған ерлігі баяндалған. Өскелең ұрпақты елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелейтін оқу-құралы «BATYR МAN» жобасы аясында басылды. Жасанды интеллект арқылы безендіріліп, көркемделген туынды Жеңістің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында жастарға таныстырылды.
Еркебұлан Жақан, «Жетісу жастары» КММ қалалық филиалының жетекшісі:
-Жастарымызға осы аталарымыздың істеген ерлігіне деген керемет мағлұмат, басынан өткен оқиғасы, одан кейін жеңістің оңай жолмен келмегені туралы түсінік береді. Батырларымызды жастарға, осы оқушыларға, студенттерімізге дәріптеу барысында жасалып жатқан үлкен жұмыс деп ойлаймыз.