Көкшетауда республикалық тұлғалық музейлер фестивалі өтті
Ауқымды шара Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының батыры, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24kz.
Фестивальге еліміздің әр қиырынан келген 8 мұражай қатысты. Олар 3 кезең бойынша бақтарын сынады. Яғни, алғашқы айналымда қатысушылар өз музейлерін таныстырса, екінші кезеңде жылжымалы көрмелерін көрермен назарына ұсынды. Соңғы сынақта Мәлік батырдың өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берді. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған жеңіпаздар қомақты қаржылай сыйлыққа ие болды. Жалпы елімізде тұлғалық музейлер фестивалі алғаш рет ұйымдастарылып отыр. Енді қатысушылар осындай игі шараны жыл сайын өткізіп тұруға ниетті.
Жанар Мақсұтова, Ә.Молдағұлова атындағы мемориалды музейінің директоры:
- Бұл музейлердің ынтымақтастығы үшін және музейлердің алға қадам жасау үшін, музейлер атын музей ретінде шығару үшін өте маңызды шара болып есептеледі. Бұл ретте ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз. Біз өз кезегінде Ақтөбе облысы Кеңес Одағының батыры облыстық мемориалды музейінен экспонаттарды алып келіп, Әлияның тұлға ретінде дәріптеу мақсатында келіп отырмыз.