Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында концерт өтті

фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. «Астана Опера» театрының сахнасында Ханой филармония оркестрі мен «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрі, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының хоры, сондай-ақ қазақ және вьетнам халықтарының, белгілі мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті.