Қоғам қайраткері Қ. Сұлтановтың 80 жасқа толуына орай салтанатты шара өтті
Парламент Сенатында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Қуаныш Сұлтановтың 80 жасқа толуына орай салтанатты шара өтті, деп хабарлайды 24KZ. Мерейтой иесіне арналған Президент құттықтауын палата төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып берді.
Құттықтау хатта халық Қуаныш Сұлтановты білікті дипломат, іскер азамат ретінде құрметтейтіні атап өтілген. Мәулен Әшімбаев Қуаныш Сұлтанұлының еңбек жолы егемен еліміздің тарихымен тікелей және тығыз байланысты екенін, ол өнегелі өмір жолында жоғары лауазымды қызметтерді абыроймен атқарғанын атап өтті. Қайраткер 20 жылға жуық уақыт қос Палатаның депутаты ретінде ұлттық парламентаризмді қалыптастыруға, отандық заң шығару қызметін жетілдіруге зор еңбек сіңірді.