М. Әуезов пен Б. Момышұлының кітаптары өзбек тіліне аударылады
Өзбекстанда Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» мен Бауыржан Момышұлының «Қолбасшының күнделігі» атты кітабы өзбек тіліне аударылады, деп хабарлайды 24KZ. Туындыларды жергілікті қазақ жазушылары тәржімалап жатыр.
Игі бастама Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын атап өту бағдарламасы аясында жүзеге аспақ. Өзбекстандағы қазақ әдебиеті кеңесінің төрағасының айтуынша, ұлы шығарма кезінде өзбек тіліне аударылған. Алайда биыл шығармаға қайта тәржімаланып, оған жаңаша ренк беру жоспарланып отыр.
Тұрсынәлі Ахметов, Өзбекстан Жазушылар одағы Қазақ әдебиеті кеңесінің төрағасы:
- Өзбекстандағы қазақ қаламгерлері аударма ісіне де көңіл бөледі. Жуық арада жарық көреді деген сенімдеміз. Тиісінше өзбекстандық оқырман Бауыржан Момышұлының әдеби мұрасымен танысады.