Алматылық көрермен «Алғашқы махаббат» комедиясын тамашалады

Түркістан облысындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінің «Jana Lep» театры алматылықтарға Қанат Жүнісовтің «Алғашқы махаббат» комедиясын ұсынды.

Мектеп өмірінің кіршіксіз сәттерін, сол шақтағы бейкүнә сезімдерді баяндайтын туынды бұған дейін бірнеше театр сахнасында қойылған.

«Жастардан құралған ұжым шығармаға жаңа леп, заманауи рең қостық», - дейді. Шабыт пен сезімге толы қойылымда Қанат атты бозбаланың қызықты, құпия махаббаты баяндалады. Жаңа туындының премьерасы Түркістан жерінде аншлагпен өткен болатын. Алматы жұрты да қойылымды жылы қабылдады. Алғашқы махаббат пен балауса кезеңді сағындыратын комедия алдағы уақытта ел өңірлерінде қойылады.

Мерей Маханов, көркемдік жетекші:

- Жастарды қызықтыратын заман талабына сай спектакль қоюға бел шешіп, авторы Қанат Жүнісов ағымыздың «Алғашқы махаббат» қойылымын қойдық. Бұл шығарманы «Жастар театры» қойды, көптеген облыстық театрлар да сахналанған болатын. Бұл қойылымды барынша жаңашаландырып, заманауи, қазіргі заман талабына сай етіп, ерешелеген жайымыз бар.

Бағдат Нысанбай, актер:

- Мектеп директорының рөлін сомдаймын. Осы рөлді сомдау өте қиындыққа соқты. Өйткені әйел кісінің рөлін сомдау екінің бірінің қолынан келе берейтін жұмыстардың бірі. Қобалжу бар, өйткені Алматы қанша дегенмен, өнердің ордасы. Қаншама талантты жұлдыздар, өнер адамдары болсын, осы Алматы қаласынан шыққан. Көрермен өзінің әділ бағасын бере жатар.