Аргентина дизайнері сән топтамасында қазақтың ою-өрнегін қолданды

Аргентинаның Энтре-Риос қаласынан шыққан дизайнер Лола Монтеро қазақтың ою-өрнектерін қолданып, сән топтамасын ұсынып жүр, деп хабарлайды 24KZ. 20 жылдан бері сымбат индустриясында жүрген маманның қазақ мәдениетіне қызығушылығын Димаш Құдайбергеннің өнері оятқан.

Университеттер мен мектептерде көркемөнер тарихынан сабақ беретін Монтеро Қазақстан жайлы біле бастағаннан кейін еліміздің қолөнер бұйымдары мен музыкалық аспаптарын зерттей бастады. Ұлы далаға тән аң-құс стиліндегі ою-өрнектерді ерекше ұнатып, өзінің дизайнерлік бұйымдарына енгізген. Аргентиналық қауымға таңсық болған қазақ оюлары қазір түрлі сән шоуларына шақырту алуға ықпал еткен. Лола алдағы уақытта қазақтың байырғы замандағы қолөнер бұйымдарын зерттеп, тың коллекция жасауды мақсат етіп отыр.

Лола Монтеро, дизайнер:

- Менің сүйікті оюларым ретінде аққудың нәзір образы мен түйенің өркештері бейнеленген өрнектерді атар едім. Олардың иректеліп келуі кез келген стильге ерекше сән беретін сияқты. Сондықтан да оларды өз топтамамда қолдана бастадым. Қазір Қазақстанның Аргентинадағы консулдығымен бірлесіп, олардың қолдауымен сән кештерін ұйымдастырып жүрмін және осы тың дизайнерлік стильге қызыққандар қатары артып, өзге сән шоуларынан шақырту алып та жүрмін. Енді мақсатым Қазақстан даласындағы сақ, ғұн сияқты ерте замандағы ою-өрнектерді зерттеу болып отыр. Алда соларды өз бұйымдарыма қолданғым келеді.