Ұлытау облысында «Көкмайса» этнофестивалі өтті

Ұлытау облысында «Көкмайса» этнофестивалі өтті.

Мереке өңірдің түкпір-түкпірінен және көршілес облыстардан, қонақтар мен қатысушылардың басын қосты. Шарада ұлттық тағамдар, салт-дәстүр мен рухани құндылықтар насихатталды. Сонымен қатар өлкенің бай тарихи мұрасына, туристердің қызығушылығын арттыру болды.

Көпшілікті қарсы алған этноауыл Ұлытау тауларының етегіне сән беріп орналасты. Дәстүрлі фестиваль қонақтар мен қатысушыларды ерекше жылы көңілмен қарсы алды. Шара аясында ұлттық стильдегі бұйымдар жасау бойынша шеберлік сабақтары, қымыз дайындау рәсімдері, қолөнер көрмелері, сахналық қойылымдар мен спорттық жарыстар өтті.

Дастан Рыспеков, облыс әкімі:

- Ата-бабаларымыз жас ұрпақты ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан. Бұл төл мәдениетіміз бен ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеру арқылы қалыптасады. Бастауын 2018 жылы алған «Көкмайса» ұлттық спорт пен салт-дәстүрі қалыптасқан бірегей жоба.

Фестиваль алғаш рет осыдан жеті жыл бұрын Ұлытауда өткен. Әуел бастан қымызмұрындық ретінде басталған шара уақыт өте келе ұлттық дәстүрлерді қайта жандандырып келеді.

Бақтияр Қожахметов, «Ұлы тағзым» қоғамдық қорының атқарушы директоры:

- Тек қана Қазақстан емес, біз шетелмен де жұмыс істеп отырмыз. Мына Ресейдің көрші облыстарымен бәрімен сөйлесіп шықтық. Мына Алтай өлкесі бар, Омск бар, Астрахань, Саратов. Енді Омскіде өтті қымыз мерекесі. Қазір Саратов дайындалып жатыр.  

Ұлттық қолөнердің ерекше түрі ши тоқу. Осы өнерді жалғастырып, оның жандануына үлес қосып жүргендердің бірі Бақыткүл Баймағамбетова.

Бақыткүл Баймағамбетова, ши тоқу шебері:

- Қазіргі таңда өзіміздің Наурызымызда, қазақи мерекелерімізде іс-шараларымызда ши тоқып жүрмін. Жалпы өзім мастер-класс өткіземін осы шидан.  

Ауқымды шараға қатысқандар бабалар мұрасына жақындап, оны сақтау жолында үлес қосады, дейді ұйымдастырушылар. 

Данияр Сұлтанұлы, Елизавета Шалина