Астанада «Менің мамандығым – менің мақтанышым» ән байқауы өтті
Астанада «Менің мамандығым – менің мақтанышым» атты ән байқауы өтті, деп хабарлайды 24KZ. Сайыс әртүрлі мамандық иелерінің арасында ұйымдастырылды. Тіпті қатысушылардың қатарында жұмысшы мамандық өкілдері де бар. Бір айға созылған өнер бәйгесінде 100-ге жуық жан бақ сынап, оқ бойы озық шыққан 15 өнерпаз ақтық кезеңге жолдама алған. Нәтижесінде бас жүлде және үздік үштік пен үш номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. Оларға қаржылай сыйлықтар берілді.
Жаңабай Мейірманқұлов, Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы:
- Қатысқан азаматтардың ішінде дәрігерлер бар, құқық қорғау қызметкерлері бар, оның ішінде энергетиктер, басқа да түрлі-түрлі сала өкілдері бар. Кейбір азаматтардың осындай сахнада өнер көрсету деген бала кездегі арманы болады. Сол арман орындалды деп ойлаймын.