Елімізде микродрамалар түсірілетін болады
Елімізде шағын телехикая түсіру ісі қолға алынбақ.
Salem Entertainment медиа-компаниясы әлемге танымал «Микродрама» жанрын көпшілікке таныстырды. Шеберлік дәрісін өткізу үшін Марвин лақап атымен танылған қытайлық жетекші режиссер Алматыға арнайы келді. Оның Mr. Acup (мистер Акап) жобасы 100 миллионнан астам қаралым жинаған. "Микродрама" смартфонмен тігінен түсірілген эпизодтар. Бір бөлімнің ұзақтығы екі минуттан аспайды. Мұндай шағын хикаялардың бюджеті де аз, бір маусымды түсіруге небәрі 10 күн уақыт кетеді. Есесіне табысы орасан, дейді мамандар. 2027 жылға қарай Қытайда микродрамалар нарығы үш есе ұлғая түседі деген болжам бар.
Алтынбек Қырықбаев, Salem Entertainment продюсері:
- Осы жанр Қазақстанда өте танымал болады деп ойлаймын. Өйткені бүкіл әлемде ол өте танымал. Бізге де ұнайтын шығар. Қазір жастар телефонмен өмір сүреді. Бүкіл өмір смартфонда вертикалды түрде қысқа видео көреміз. Вайндар, сериалдар бәрін телефоннан көреді. Енді осы жаңа жанр соған арналған.