Елордада Dombyra Party концерті өтті
Елордада ұлттық домбыра күніне орай Dombyra Party концерті өтті.
Бесінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған дәстүрлі шараның мақсаты - жастар арасында ұлттық аспапты дәріптеу. Мерекелік кешке кәсіби домбырашылармен қатар әуесқойлар да қатысты. Оларға ансамбльмен немесе оркестрмен бірге өнер көрсету мүмкіндігі берілді. Музыканттар танымал күйлер мен авторлық шығармаларды орындады.
Лейла Нығметова, шара ұйымдастырушысы:
- Жыл сайын бұл біздің мейрам. Бұл күні біздің орталықтың оқушылары, студенттері арнайы бұл мейрамға дайындаламыз. Өйткені біз жастарға өзіміздің ұлттық домбырамызды, аспабымызды жоғары деңгейде дамытып осылай ерекшеліктерін көрсеткіміз келеді.
Гүлмира Сүлейменова, қатысушы:
- Домбыра күні мен үшін өте маңызды күн. Оған біз дайындаламыз. Мен өзім творчестволық отбасыдан шыққан соң домбыраны құрметтеймін. Қазіргі жасымызда қатысып жүргеніміз келешек буынға, үлгі болайық дегеніміз.