С. Сейфуллин музейінде жаңа көрме жасақталды
Сәкен Сейфуллин музейінде «Ер дәулеті – еңбек» көрмесі жасақталды, деп хабарлайды 24KZ. Онда мұражайды ашуға және дамытуға үлес қосқан қызметкерлердің суреті қойылған. Олардың қатарында Молдахмет Досаев, Роза Асылбекова, Күлбағила Бейсекеева, Несіпбек Айтұлы сияқты мамандар бар.
Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған көрнекті тұлғаның қозжазбаларын, суреттері мен құжаттарын жинау оңайға түспеді. Дегенмен музейдің алғашқы қызметкерлері елді мекендерді аралап, тынымсыз еңбек пен ізденістің нәтижесінде мұражай қорын құнды жәдігерлермен байыта түсті. Фотокөрме Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жасақталып, қызметкерлерге құрмет көрсетіліп отыр.
Марат Әбсемет, тарих ғылымдарының докторы:
- Сәкен 1938 жылы атылып кетті ғой. Ел оның заттарын сақтауға қорықты. Кітаптарын да жағып жіберді. Соған қарамастан талай сурет, материал сақталды. Бізге негізі түпнұсқа керек. Сәкенге байланысты бес мыңнан астам жәдігер жиналды. Соның өзінде 400-500 жәдігер қазір көрмеде тұр. Сол біздің қарапайым еңбеккерлердің арқасы.