Ұлытау облысында сақ жауынгерінің сүйегі табылды
Ұлытау облысы Ұлытау ауылы маңынан сақ жауынгерінің сүйегі табылды, деп хабарлайды 24KZ. Археологтар жерленген адам ерте темір дәуіріндегі мәртебесі жоғары тұлға болған деп болжап отыр. Себебі алтыннан жасалған бұйымдар мен қару-жарағы бірге жерленген. Оның жасы мен жерленген мерзімі сараптамалық зерттеуден соң нақты белгілі болады.
Айта кетейік, тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының тапсырысымен қазір өңірдегі 7 нысанда археологиялық зерттеу жүріп жатыр.
Сырым Есен, археолог:
- Басында шашына оралған алтын қаңылтырдан иректеп жасалған бір бұйымдар бар. Оған қоса оң жамбасының тұсында жебенің ұштары бар. Бұл да осы сақтарға тән ұлттық белгілер. Осыған қарап, біз ескерткіштің мерзімін, жерлеу дәстүрін, осы өңірдегі мәдени ареалдың тарау шекараларын анықтаймыз.