Ұлттық киімге сұраныс жоғары

Ақтөбеде ұлттық киім үлгілерінің сән көрсетілімі өтті.

Белгілі дизайнер Тәрбие Айдымбаева этно және заманауи киім үлгілерін ұштастырған жаңа топтамасын таныстырды. Облыс орталығында қазақы үлгіде тігілген киімдер дүкені ашылды. Модельердің айтуынша, талғамы жоғары тұтынушылар, оюмен өрнектелген кәжекей мен шапан, тақия мен орамалдарды күнделікті киіп жүруді қалайды. Бұл - бабалар мұрасын өскелең ұрпаққа жеткізудің ұтымды тетігі. Сонымен қатар қазақы киім үлгілерін, әлемге танытудың таптырмас сайманы.

Тәрбие Айдымбаева, модельер:

- Біздің киімдеріміз бүкіл әлемде болған: Бразилия, Канада, Швейцария қай елді айтсаңыз да, біз енді бүкіл жерде көрмелерімізді өткізіп жүрміз. Қазіргі таңда біздің киімдерді тек қана қазақтар емес, бүкіл әлем азаматтары алады. Себебі олардың ойынша біздің киімдер тек қана ұлттық емес, олар әрі әдемі.