Елордада ақындар «Жақсы ән мен тәтті күй» әдеби-сазды кешін өткізді

Елордадағы Қаламгерлер аллеясында ақындар қауымы ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай «Жақсы ән мен тәтті күй» атты әдеби-сазды кеш өткізді.

Рухани шараға жиналғандар ойшылдың «Жапырағы қуарған ескі үмітпен», «Есіңде бар ма жас күнің», «Көзімнің қарасы» секілді өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды. Мәдени шараны қаламгерлермен қатар зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады.

Бауыржан Бабажанұлы, Қазақстан Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының төрағасы, ақын:

- Әрине 180 жылдық көптеген дүниелердің, көптеген жастардың Абайды оқуға ұмтылуына, Абайды көбірек тануға мүмкіндік беріп жатыр. Әрі қарай да жүздеген, мыңдаған жылдар бойы біздің халқымыз қазақ бар жерде Абайдың өлеңдері жасай беретініне көзіміз жетті.