Алматыдағы Дженнифер Лопестің концертін 3000 адам күзетеді

Әлемдік поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіндегі қауіпсіздікті 3000 адам қамтамасыз етеді, деп хабарлайды 24kz.

Олардың дені полиция қызметкерлері мен әскерилер. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Шоуға келген меймандарға жөн сілтеп, кеңес беру үшін еріктілер де жұмылдырылған. Сондай-ақ жеке күзет агенттігінен сайдың тасындай 120 адам іріктеп алынған. Бүгін қала әкімінің орынбасары, полиция департаментінің басшылығы Орталық стадионның концертке дайындығын көріп қайтты. Айтуларынша, стадиондағы жұмыстар 9 тамызға дейін аяқталады. Бақылау бекеттері металл детекторлары мен сканерлермен жабдықталады. Концерт күні 50 автобус адам тасиды.

Еске сала кетейік, Дженнифер Лопестің Алматыдағы концерті 10 тамызда болады.