Ақмола облысы аумағында ортағасырлық қала орындары зерттеледі
Археологтар Жошы дәуіріндегі қоныстардың орындарын зерттейді, деп хабарлайды 24kz.
Тамыздың 25-і күні арнайы экспедиция жолға шығады. Ғалымдар бір ай бойы Ақмола облысы аумағында барлау һәм қазба жұмыстарын жүргізеді. Жобаға бас-аяғы жиырмаға жуық маман қатысады. Зерттеушілер XII-XIV ғасырлардағы қалалардың орындарын, ондағы тұрмыста қолданылған жәдігерлерді тауып, тың мәліметтер жинауға үміттеніп отыр.