Астанада «Qaitadan» фильмінің жабық көрсетілімі өтті
Бас қалада төтенше жағдай туралы таспаланған тұңғыш туындының тұсауы кесілді, деп хабарлайды 24kz.
Фильм «Qaitadan» деп аталады. Оқиға желісі су апатынан зардап шеккен ауылдың трагедияға толы тыныс-тіршілігінен сыр шертеді. Шығарманың режиссері жас талант – Думан Еркімбек. Актерлік құрам да жас өнерпаздардан құралған. Туынды Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының демеушілігімен түсірілді. Бұл биылдыыққа шыққан он бірінші фильм.
Құрманбек Жұмағали, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы:
- Бұл қазақ киносының жаңа белеске өткені деп есептеу керек. Себебі мұндай туынды қазақ киносында алғаш рет, мұндай спецэфектімен, үлкен дәрежеде сапалы туынды шыққанына қуаныштымыз. Енді құрамында барлығы жастар. Бір қуантарлығы, соңғы жылдары Ұлттық киноны қолдау орталығына қатысып жатқан, кино түсіргісі келіп, жоба алып жатқан жастардың қатары көп.