Қазақ киносының күніне орай республикалық кастинг басталды
Танылмаған таланттар үшін мүмкіндік. Қазақ киносының күніне орай республикалық кастинг басталды, деп хабарлайды 24kz.
Іріктеуге 18-ден асқан кез-келген азамат қатыса алады. Жеңімпаздар Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының базасына енгізіліп, отандық отандық киножобаларға түсу мүмкіндігіне ие болады. Нақтырақ айтсақ, болашақ актерлардың деректері Kazakhcinema.kz сайтында жарияланады. Ал бұл плафтформа кинокомпания мен продюсерлер үшін жаңа жұлдыздарды табуға көмектеседі. Кастинг бүгін елорда мен 19 өңірдегі театарда кешкі сағат 19:00-ге дейін өтеді.
Құрманбек Жұмағали, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы:
- Біз, Ұлттық киноны қолдау орталығы жылына 20 жобаны қолдаймыз. Сол жобаны ұтқан компанияларға біз ұсыныс ретінде айтамыз. Егер актерлар керек болатын болса, базадан қараңыздар. Ішіндегі талаптарыңызға келетін адамдар тапсаңыздар, мінекей, осыдан алыңыздар деп айтамыз.