СҚО аумағында мамонт сүйегі табылды
Солтүстік Қазақстан облысының аумағында мамонт сүйегі табылды, деп хабарлайды 24kz.
Бәйтерек ауылы маңында балық аулап жүрген тұрғын сүйекті байқап қалып, Есіл өзенінен шығарып алған. Сирек кездесетін құнды олжа археологтарға табысталды. Тарихшы Анатолий Плешаковтың айтуынша, бұл 15 мың жыл бұрын полеолит дәуірінде тіршілік еткен жануардың сүйегі болуы мүмкін. «Қаңқаның қалған бөлігі де сол маңнан табылып қалар», - дейді ол. Сондықтан келесі жылы қазба жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.
Анатолий Плешаков, тарих ғылымдарының кандидаты:
- Болжам бойынша бұл 4-5 метрлік мамонт. Ал, салмағы 20 тоннаға дейін жетуі мүмкін. Мұз дәуіріне жататын жануардың тұқымы өте көп. Соның бірі Солтүстік Қазақстан облысында 1960 жылдары табылған еді.