Ақтауға түрік киножұлдызы Бурак Озчивит келді. LIVE
Ақтауға әлемге танымал киноактер Бурак Озчивит келді, деп хабарлайды 24kz.
«Қорқыт ата» кинофестиваліне арнайы шақыртылған мейман дәл қазір жанкүйерлерімен тілдесу үстінде.
Талғат Исламұлы, тілші:
- Ақтаудағы «Достық» үйі кешелі бері түркі әлемінің киноорталығына айналды. Көрермен көгілдір экраннан ғана көріп жүрген қазақстандық және шетелдік өнер жұлдыздары қызыл кілем үстімен жүріп өтті. Олардың қатарында Бурак Озчивит те бар. Қазір ол көршілес залда, жанкүйерлерін қызықтырған сауалдарға жауап беріп жатыр. Есімі әлемге танымал кино әртісі қазақстандық кинокомпаниялармен бірлесе жұмыс істеуге ниеті барын айтып, көпшілікті қуантты. Жалпы «Қорқыт ата» халықаралық кинофестивалі аясында бірнеше меморандумға қол қойылды.
Айта кетсек, бұған дейін Ұлттық кино орталығы Канн кинофестивалі кезінде Франция және Грузияның ұлттық киноорталығымен меморандумға қол қойды. Бұдан бөлек, қазір Таиландпен бірлесе деректі фильм түсіріліп жатыр.