Көкшетауда «Көкше – өнер маржандары» атты фестиваль өтті
Ауқымды шара барысында 100 оқушы бір мезетте «Ерке сылқым» және «Шанды жорық» күйлерін орындап, жиналған көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Бұдан бөлек, «Көне домбыра» акциясы аясында музей қызметкерлері бір ғасырға жуық тарихы бар ұлттық аспапты және жергілік өнер саңлақтарының ұстаған домбыраларын таныстырды. Ал сахна төрінде өнерпаздар дәстүрлі әннен шашу шашып, күмбірлете күй төкті. Жаңа жағалауда ұйымдастырылған шараны тамашалауға шамамен мыңға жуық адам жиналды.
Нұрғиса Дәуешов, облыстық мәдениет басқармасының басшысы:
- Кеше ғана Президентіміз ұлттық домбырамыз – ол қазақ халқының брендіне айналуы керек деп айтқан болатын. Әрине бұл біздің өнерімізге деген, мәдениетімізге деген үлкен құрмет деп есептейміз. Бұл жерде біздің мемлекеттің, халықтың өзінен өткен тарихы да осы бізде әнмен, күймен жазылған. Оның ішінде, ән астансы – Арқа Ақмола, Көкшетау дейтін болсақ, Біржан Сал, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Иманжүсіп туған топырақтың нерге құштар болуы заңдылық. Сол бабаларымыздан қалған мұраны ары қарай халыққа кеңінен насихаттау.