Қайрат Нұртас қарттарға тосынсый жасады

Фото: Instagram/dosboxing_ad парақшасынан скриншот

Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас Атырау облысындағы №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барып, қариялармен кездесті, деп хабарлайды «24KZ».

Өнерпаз орталық тұрғындарымен әңгімелесіп, ән айтып, оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Күтпеген қонақтың келгеніне қуанған қариялар әншіге алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Бұл сәттер әлеуметтік желіде де тарады. Қазақстандық бокстан спорт шебері Айдос Даулетов өзінің Instagram парақшасында Қайрат Нұртастың қайырымдылыққа бағытталған бастамаларына ризашылығын жеткізді.

Досым, "Аузыңды ашсаң, жүрегің көрінеді" деген өзің. Алла абыройыңды екі дүниеде биік етсін. Келген сайын балалар, қарттар үйі деп шабасың! Салмай жүргеніміз қаншама! Бүгін қарттарымыз риза болды! – деп жазды Айдос Даулетов.

Айта кетейік, халық арасында қарттар үйі деп аталатын бұл мекеме Атырау облысындағы №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ретінде жұмыс істейді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз