Алматылық бишілер «Славян базары» халықаралық байқауында өнер көрсетті
Алматының "Шолпан жұлдыздары" ұжымының бишілері де "Славян базары" байқауында өнер көрсетіп, Беларусьті тәнті етті.
Бұл ансамбльдің құрылғанына бар болғаны 3 жыл болған. Олардың халықаралық деңгейдегі басты қарсыластары Ресей, Беларусь және Өзбекстан өкілдері. Негізі 17 команда бақ сынауда. Бұл би жобасы кейінгі 7 жылда "Славян базары" бағдарламасының аясында ұйымдастырылып келеді. Жалпы фестивальдің өзіне биыл 35 жыл толды.
Шұғыла Қанат, биші:
"Мен бимен 3-4 жылдан бері айналысып келемін. Мен қазір 14 жастамын. Маған би ұнайды. Себебі мен биде өзімді еркін сезінемін. Және кішкентай кезімнен бимен айналысқым келген. Әжем менің атымды әдейі Шұғыл деп қойды. Шұғыла Сапарғалиқызы деген биші болды. Сол үшін атымды Шұғыла деп қойды. Әжем мені кішкентай кезімнен биші болғанымды қалады. Өзіме де би ұнайды. Сол үшін осы саланы таңдадым. Өскенде бір танымал биші болғым келеді".
Зере Тілепбай, биші:
"Осы би саласында өнер көрсетіп жүргеніме 3-4 жылдай болып қалды. Біз халықаралық деңгейдегі сахналарда өнер көрсеттік. Мысалы, Астана, Ташкент, Батуми, Мәскеу – осы қалаларда біз өнер көрсеттік. Және де біз үлкен жетістіктерге жеттік".