Зиялы қауым өкілдері ұлттық амандасу ғұрпына көшуді қолдады

Амандасу – жай ғана сәлемдесу рәсімі емес. Ол халықтың мәдениеті мен тәрбиесін көрсететін дәстүр.

Мемлекет басшысының жаңа жүріс-тұрыс әдебіне қатысты пікіріне зиялы қауым өкілдері осылай пікір білдірді. Құрылтай сайлауынан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде жаңа жүріс-тұрыс әдебі мен қоғамдық мәдениет қалыптастыру қажеттігін айтты. Құшақтасып, бет түйістіріп амандасу қазақтың дәстүрі емес. Әсіресе ер адамдардың осылай амандасуы ерсі көрінеді. Әйелдер мен ерлердің бір-бірін сүйіп амандасқаны тіпті жат қылық. Сондықтан қоғамдық мәдениетті қалыптастыру үшін амандасу әдебін күнделікті дағдыға айналдырған абзал, - деген еді.

Мереке Құлкенов, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы:

- Өзіміздің ұлттық тәрбиеміз ұлттық құндылықтарды сақтайтын уақыт келді. Қазақ ұлтына үйдегі әке мен шешеге, әже мен атаға, кейінгі балаларға үлкен ой салуы керек. Біз тәрбиені сәлемнен бастауымыз қажет. Сәлемнің этикасынан басталуы дұрыс.

Құшақтасудың да жөні бар. Бұрын жылдап жырақта жүрген адамдар үйіне оралғанда ет жақындарымен осылай қауышқан. Қаламгерлердің пікірінше, амандасу -  қарапайым әрекет болып көрінгенімен халықтың үлкенге құрмет пен кішіге ізетін білдіретін ғұрып.

Ғалым Қалибекұлы, ақын:

- Біз зайырлы мемлекет болғаннан кейін біздің аман сәлеміміміз ата-бабамыздың дәстүріне сай болуы керек деп ойлаймын. Ерте кезде біздің ата-балаларымыздың сәлемін сол қолын кеудесіне төсіне басып, басын изеп амандықты білдірген. Әйел адамдарға да басын изеп ізет білдіреді. Осы дәстүр баяғыдан келе жатқан дүние. Осыған көшуіміз керек. Бұл Президенттің бастамасы өте дұрыс. Қолдау керек.